13 сәуір күні сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында (Серікбаев к-сі, 19) 9-11 сынып оқушылары үшін «ТЕХНИКАЛЫҚТАҒЫ түн» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізіледі.

Бағдарламаның бірінші бөлігінде университеттің бес факультеті мен колледжі студенттерінің ғылыми жетістіктерінің көрмесі, «Бізбен бірге бол!» атты флэш-моб, шеберлік сыныптары, интеллектуалды ойындар, квесттер, жұмыс берушілердің таныстыруы, ғылыми зертханаларға экскурсия өтеді.

Ғимаратқа кіру кезінде университет қонақтары алты алаңға бару картасын алады.

Екінші бөлімде оқушылар үшін «Университетке баратын уақыты келді» дискотекасы ұйымдастырылады.