Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының тікелей эфирін мұқият қарап шықты.

Біз барлық айтылған бастамаларды толық қолдаймыз және Қазақстан халқына үндеу мәні бойынша тарихи болды деп санаймыз. Жолдауда ел дамуының жаңа кезеңі бекітілді.

Осы жылдың наурыз айында өткен Жолдауында Мемлекет басшысы саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа бағдарламасын ұсынды.

Бүгінде олардың барлығы сәтті жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Біздің Президент жаңа Қазақстанның бағытын және әділетті Қазақстанды құру жолын белгіледі.

Барлық бастамалар қазақстандықтар үшін қауіпсіз әрі сапалы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Жаңа Қазақстанды" құрудың мәлімделген стратегиясы ел Тәуелсіздігінің бүкіл кезеңі ішінде дәйекті түрде жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттің демократиялық жаңғыруына қуатты серпін береді.

Реформалар демократияландыруға қайтымсыз сипат беруге арналған. Жолдау аясында айтылған Президенттің балаларға арналған жаңа бағдарламалар жасауға берген тапсырмасының да маңызы аз емес.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының Жолдаулары ағымдағы жылы күрделі мемлекетішілік үдерістер мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер аясында өтуде.