ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов Мәскеуде МФТИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры - Михаил Стрихановпен кездесті.
МФТИ - әлемнің 64 елі үшін техникалық элитаны дайындайтын Росатомның негізгі университеті. Университет Ұлы Отан соғысы жылдарында ең күрделі техникалық мәселелерді шешу үшін құрылды. Болашақта МФТИ -ге КСРО-ның ядролық қалқанын құру міндеті жүктелді. Бүгінгі таңда университет QS жаһандық пәндер рейтингісінде көшбасшы болып табылады.
ШҚМТУ-дың даму стратегиясы әлемдік рейтингте көшбасшы болып табылатын университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларын құруға бағытталған. Біз осы университетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуды мақсат етеміз. МФТИ-мен серіктестік білім беру процесінің сапасын жақсартуға, университеттің ғылыми әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Бірлескен екі дипломдық білім беру бағдарламалары арқылы университеттің бәсекеге қабілеттілігін күшейту - аймақтан жастардың кетуін азайтудың маңызды факторы болып табылады.
Кездесуде біз ақпараттық технологиялар, электроника және нанотехнологиялар, өндірістік практикаларды ұйымдастыру және т.б. салалардағы бірлескен білім беру бағдарламаларының жаңа бағыттарын талқыладық. Біздің аймақ, ең алдымен, жоғары технологиялық өндірісі бар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар. Сонымен қатар, бізде ШҚМТУ тарихи тығыз байланыста болған Қазақстанның атом саласының негізгі нысандары бар. Осыған байланысты Ұлттық ғылыми зерттеу институты МФТИ-мен ынтымақтастық ерекше маңызға ие.
Михаил Николаевич Қазақстан мен Ресейдің білім беру жүйелерін талдау және салыстыру бойынша жобаны жүзеге асыруды ұсынды, өйткені Мәскеу жағы ҚР Білім беру саласындағы академиялық және басқарушылық еркіндік және т.б. нормативтік өзгерістерге қызығушылық танытты.
Басты және толғандыратын сәттердің бірі МФТИ-да біздің студенттермен кездесу болды. ШҚМТУ-дың 7 мамандығының 49 студенті осында.
Кездесу көңілді өтті! Балалар барлық күш-жігерді оқуға жұмсайды, көздеріп жанып тұр. Дегенмен, оларға оқу оңайға түспейді. МФТИ-дің әріптестері біздің студенттердің бір-біріне деген қамқорлығын, ұйымшылдығын ерекше атап өтті. Әрине, студенттік өмір әрқашан қуанышты емес, бірақ біз "студенттік елдің" балаларымыз және бұл үлкен өмірге жол екенін түсінеміз.
МФТИ ректорымен ынтымақтастық мүмкіндіктерімен жақынырақ танысу үшін біздің университетке қонаққа келуі туралы келістік.