Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да ректорат пен «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Онда «Нұр Отан» партиясы ХV съезінің қорытындылары мен жаңа Доктрина талқыланды.
ШҚМТУ ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Нұрлан Темірбеков, кафедра меңгерушісі Нэлли Краснобаева, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Айбек Баукенов баяндамалар жасады.
Шешендер Доктрина ел дамуында жаңа көкжиектер ашатынына, партияның идеялық және құндылықтар бағытын айқындайтынына тоқталды. Білім беру мекемесі бәсекеге қабілетті мамандар даярлап қана қоймай, сегіз қырлы, бір сырлы, қоғамның бірлігі талаптарына толық сай келетін азамат тәрбиелеуге міндеттілігі атап көрсетілді.