Құрметті оқытушылар мен білім алушылар!

1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшеміз. ШҚО-да уақыт белдеуі бір сағат артқа жылжиды.

2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады.

Оқу сабақтарының кестесінде өзгерістер болмайды.

Академиялық қызмет басқармасы