2025 жылғы 6-17 қазан аралығында "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КЕАҚ-да Мансап орталығының бас маманы бітіру курсының білім алушыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер бекітілген кестеге сәйкес өтті және 2 немесе 3 жыл мерзімге республикалық білім беру грантын міндетті түрде жұмыспен өтеу тәртібін түсіндіруге бағытталды. 

Мансап орталығының бас маманы бітіру курсының білім алушыларын "Білім туралы" ҚР Заңында енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен, маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған ҚР азаматтарының өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе міндетін тоқтату ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген қағидаларымен таныстырды.

Сондай-ақ, 1414 бірыңғай нөмірінен келетін SMS хабарлама бойынша, "Қаржы орталығы"АҚ қызмет көрсету үшін дербес деректерге қол жеткізуді сұрау туралы айтты. 2026 жылғы түлектер 1414 нөмірінен СМС-хабарлама алған жағдайда келісім беруі немесе бас тартуы тиіс, 511 – "иә", 512 – "жоқ"дегенді білдіреді. Бас тартылған жағдайда түлек Қаржы орталығы АҚ-ға жұмыс орнынан Растауды (жұмыс орнынан анықтама және зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмені) әр 6 ай сайын жұмыспен өтеу жөніндегі міндеті толық орындалғанға дейін жеке ұсынуға міндетті. Келісім берген жағдайда Қаржы орталығы АҚ түлектің жұмыспен өтеу міндетінің орындалып жатқанын бақылай алады (ұйымның/кәсіпорынның БСН, ұйымның/кәсіпорынның атауы, зейнетақы қорына аударымдарының түсу кезеңін).  

"Серпін" бағдарламасы бойынша түлектер 2 жыл жұмыс істейді, өңірлерді пысықтау үшін: Ақмола облысы (Астана қаласынан басқа), Қарағанды облысы. Абай облысы, Ұлытау облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы.            

Мемлекеттік тапсырыс санаты бойынша білім алған бакалавриат және магистратура түлектері басқа мамандықтар меншік нысанына (мемлекеттік және жеке) қарамастан кез келген ұйымдарда 3 жыл жұмыс істейді.           

PhD философия докторлары бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік органдарда, ЖЖОКБҰ-да, ғылыми ұйымдарда, ғылыми бөлімшелерде, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (жоғары колледждерде немесе училищелерде) 3 жыл жұмыс істейді.            

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар мемлекеттік органдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда жұмыс істейді.           

Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік білім беру грантынан ақылы келісім шарт негізіне және керісінше ақылы келісім шарт негізден мемлекеттік білім беру тапсырсына ауысқан жағдайда, нақты грантта оқыған мерзіміне сай жұмыспен өтей алады. Оқудан шығып кетіп ағымдағы жылы немесе келесі оқу жылында қайта қалпына келтіріліп оқуды аяқтаған кезде, грантта оқыған мерзімін жұмыспен өтеуге міндетті немесе грантта оқыған мерзімде жұмсалған қаражатты ақылы түрде қайтара алады.            

2026 жылғы түлектерге жұмыспен өтеу шарттары орындамаған жағдайда азаматтық жауапкершіліктері туралы және мемлекеттік білім беру грантын жұмыспен өтеу мәселесіне байыпты қарау керек екендігі туралы ескертілді.           

Кездесу барысында түрлі сұрақтарға толық жауаптар берілді:

  • Диплом алғаннан кейін жұмыс таппасаңыз не істеу керек?
  • Егер әскерге шақырылса, грантты қалай пысықтауға болады?
  • Кімге кейінге қалдыру және жұмыстан босату қарастырылған?
  • Егер магистратураға екінші рет түссе, грантты қалай пысықтауға болады?
  • Егер сіз Қазақстан Республикасының азаматтығын ауыстыруды жоспарласаңыз, грантты қалай пысықтауға болады?.. және т.б.            

Білім беру грантын жұмыспен өтеу туралы толық ақпарат алу үшін мансап орталығына хабарласуға болады (Г-1-140 ауд).