2025 жылдың 15 мамырында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Ғылым және практика: болашақ көкжиектері» атты оқушылардың облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығы және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.

Конференцияның басты мақсаты – өңірдің дарынды, креативті және бастамашыл оқушыларын қолдау, ғылыми идеялармен алмасуға арналған алаң құру, сондай-ақ жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру.
Пленарлық отырысқа облыс мектептерінің 8–11 сынып оқушылары, қала және аудан білім бөлімдерінің өкілдері, ВКТУ студенттері мен оқытушылары қатысты.

Құттықтау сөз сөйлегендер:

  • Рахимжанова Г.Б. – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығының директоры, т.ғ.к.;
  • Аубакирова С.М. – «Ульба» дағдарыс орталығының директоры, «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі, Облыстық мәслихат депутаты;
  • Уазырханова Г.К. – ШҚТУ Ғылыми-зерттеу қызметі департаментінің директоры, PhD.

Пленарлық баяндамалармен сөз сөйлегендер:

  • Байгереев С.Р. – PhD, ШҚТУ Халықаралық инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры;
  • Магазов Н. – ШҚТУ-нің «8D07102 – Машина жасау» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты;
  • Бидахметов Д. – ШҚТУ-нің «6В06103 – Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті (ғылыми жетекшісі: PhD, профессор Увалиева И.М.).

Конференция жұмысы үш секция бойынша ұйымдастырылды. Секцияларда 58 оқушы өз ғылыми жобаларын ұсынды. Секция модераторлары мен сарапшылары ретінде ШҚТУ-дың оқытушылары мен ғылыми-зерттеу қызметі департаментінің қызметкерлері қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Конференция аясында келесі көрмелер ұйымдастырылды:

  • 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» облыстық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жобалары;
  • ШҚТУ студенттерінің CDIO әдістемесі бойынша әзірлеген инженерлік жобалары.

Конференция өңірдің білім және ғылым саласындағы маңызды оқиғасына айналып, жас зерттеушілерді, педагогтерді және Шығыс Қазақстанның ғылыми қауымдастығын біріктірді.