"ШҚМТУ-мен шекарасыз білім" тегін онлайн-вебинарлар тізбесін іске асыру шеңберінде 15 сәуірде сағат 16:30-да мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына арналған кезекті онлайн іс-шара өтті.

Осы жолы оған Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінен «ЛЭТИ» әріптестеріміз қатысты:

  • Анастасия Андреевна Минина - халықаралық қызмет жөніндегі проректор;
  • Галунин Сергей Александрович – білім департаментінің директоры;
  • Кукаев Александр Сергеевич - қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, "Талапкер" орталығының басшысы";
  • Загороднюк Ольга Васильевна - әдістемелік қамтамасыз ету, лицензиялау және аккредиттеу бөлімінің бастығы;
  • Малышев Виктор Николаевич - Радиотехника және телекоммуникация факультетінің деканы;
  • Кузнецов Игорь Ростиславович - оқу ісі жөніндегі меңгерушінің орынбасары, радиоэлектрондық құралдар кафедрасы (РЭС).

Өз кезегінде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ тарапынан сөз сөйледі:

  • Конурбаева Жадыра Тусупкановна - э.ғ.к., оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор;
  • Сегеда Тамара Александровна – халықаралық білім бағдарламалары орталығының директоры;
  • Уазырханова Гулжаз Кеңесханқызы - PhD докторы, ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебінің деканы;
  • Бакланов Александр Евгеньевич  ф.-м.ғ.к., доцент;
  • Болатова Анар Болатқызы - магистр, оқытушы, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» БББ  жетекшілерінің бірі»;
  • Трофименко Светалана Александровна -кәсіптік бағдар беру жұмыстары бөлімінің басшысы.

Олар:

  • «Радиоэлектроника және телекоммуникациялар» қосдипломдық бірлескен білім беру бағдарламасының ерекшелігі туралы;
  • 2020 ж. талапкерлер үшін оқуға түсу ерекшеліктері туралы;
  • оқу үрдісінде талапкерлерге қойылатын талаптар туралы;
  • СПбГЭТУ «ЛЭТИ» алаңында мүмкін болатын гранттар, тұру шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу барысында қатысушылар сұрақтар қойып, оларға сарапшылардың өздері толығымен  жауап беріп,  онлайн кездесу талқылаумен аяқталды.

ОП "Радиоэлектроника, электроника и телекоммуникации"

ОП "Радиотехника"