2020 ж. 17 сәуірде «ШҚМТУ-мен шекарасыз білім» жалпылама вебинары өтті. Аталған іс-шараның мақсаты болашақ талапкерлерді материалтану, энергетика, радиотехника және телекоммуникация, ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері, наноэлектроника, аспап жасау, есептеу техникасы және бағдарламалау технологиялары, өндірістік жүйелерді бизнес-басқару және экономика салаларының басқа да басым бағыттары бойынша кадрлар даярлауда көшбасшы болып табылатын серіктес жоғары оқу орындарымен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің  барлық қос дипломды бірлескен білім беру бағдарламаларымен таныстыру болды. ШҚМТУ-нің барлығы 25 бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламалары ұсынылды.

Аталған вебинарға Қазан мемлекеттік энергетикалық университеті атынан халықаралық бөлім өкілі Регина Арсланова қатысты.

Осы онлайн конференцияның модераторы, ШҚМТУ бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламалары туралы презентациямен халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының директоры Тамара Сегеда сөз сөйледі.

ШҚМТУ атынан:

  • Конурбаева Жадыра Тусупхановна-э. ғ. к., оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор;
  • Машекенова Асия Хасенован -т. ғ. к., академиялық қызмет жөніндегі басқарма бастығы;
  • Трофименко Светлана Александровна - кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің басшысы;
  • Дауылбаева Әсел Советбекқызы-қабылдау комиссиясының хатшысы қатысты.

Вебинардың тікелей қонақтары Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің түлектері болды. Сұрақтар мен жауаптар сессиясы барысында біздің болашақ талапкерлердің автомобиль көлігі, экономика бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларына қызығушылық көрсеткендігі туралы ақпарат алынды, бұл ШҚМТУ-не шетелдік серіктестерімен академиялық салада жаңа міндеттер қойып, ынтымақтастықтың жаңа қырларын ашады. ШҚМТУ тарапынан қатысушылар қос дипломды бағдарламаларға іріктеу алгоритмдерін айтып, қызықтырған сұрақтарға жауап берді, бітіруші сынып оқушыларына, сондай-ақ олардың ата-аналарына пайдалы және өзекті кеңес берді.

Жалпы, 2020 ж. 13-17 сәуір аралығында бір аптада вебинарларға Өскемен қ., Семей қ., Риддер қ., Алтай қ., Шемонаиха, Глубокое, Ұлан, Бородулиха және Шығыс Қазақстан облысының басқа да аудандарының мектеп бітірушілері белсенді қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан да қосылулар болды. Вебинарларды өткізу кезінде қатысушылардың 200-ден астам қосылуы жүзеге асырылды.

Сөзсіз, мұндай вебинарлар пайдалы және өзекті болып табылады, және болашақта өткізілетін болады. Осындай веб-кездесулер барысында мектеп түлектері өз елінен шықпай-ақ жоғары сапалы білім алу мүмкіндігі туралы тікелей ақпарат алады және пандемия жағдайында жетекші жоғары оқу орындарының құзыреттеріне ие болу арманын іске асырады.

2020 жылдың 21-23 сәуір аралығында ШҚМТУ-мен серіктес-жоғары оқу орындарымен бірлесіп, бағдарламалау, аспап жасау, медициналық инжиниринг, мехатронды биотехникалық жүйелер, энергетика, техносфералық қауіпсіздік, индустриялық менеджмент бағыттары бойынша екі дипломды магистрлік бағдарламаларға арналған вебинарлар өткізіледі.

ШҚМТУ сайтында, ЖОО Instagram аккаунтында, Telegram-арнасында біздің анонстарымыз бен жаңалықтарымызды бақылаңыз!

Совместные образовательные программы с зарубежными вузами-партнерами с возможностью получения двух дипломов