14 сәуірде сағат 16:30-да мектептердің бітіруші сынып оқушыларына арналған кезекті онлайн-вебинар өтті. Осы жолы іс-шара Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУжәне Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп өткізілді.

Новосібір мемлекеттік техникалық университеті – НМТУ-НЭТИ) - Новосібір қаласындағы көпсалалы университет. Қазіргі уақытта НМТУ-НЭТИ аймақтың ең ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, тірек университеттердің бірі — 95 бағыт бойынша (бакалавриат және магистратура) дайындық жүргізеді. Университет құрамында 17 факультет пен институт бар

Өткен вебинар қатысушыларға «Өндірістік жүйелерді бизнес-басқару» бакалавриатының қос дипломды білім беру бағдарламасы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді және сол БББ таныстырған:

-НМТУ-НЭТИ тарапынан: Борисова Алена Александровна, э.ғ. д., Менеджмент кафедрасының меңгерушісі, «Өндірістік жүйелерді бизнес-басқару» БББ жетекшісі; Галимова Анна Николаевна, Менеджмент кафедрасының ғылыми хатшысы, э. ғ. к., доцент; Виниченко Виктория Александровна, э. ғ. к., доцент, "Үнемді өндіріс" жобалау жұмыстарының жетекшісі; Емельянович Анжелика Александровна, э. ғ. к., доцент.

- ШҚМТУ тарапынан: Варавин Евгений Владимирович, «Өндірістік жүйелерді бизнес-басқару» БББ жетекшісі, э. ғ. к., доцент және Мадиярова Эльвира Собетоллақызы, э. ғ. к., Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің деканы.

Вебинарға т.ғ.к., НМТУ-НЭТИ халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Долгов Алексей Семенович, НМТУ-НЭТИ бизнес факультеті деканының кәсіптік бағдар беру жұмытары жөніндегі орынбасары, Трофименко Светалана Александровна, ШҚМТУ кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің басшысы қатысты, олар Шығыс Қазақстан облысының мектеп түлектерінің сұрақтарына белсенді жауап берді.

Cовместная образовательная программа бакалавриата «БИЗНЕС УПРАВЛЕНИЕ ПРОИЗВОДСТВЕННЫМИ СИСТЕМАМИ»

ПРОГРАММА ПОДГОТОВКИ: МЕНЕДЖМЕНТ БИЗНЕС УПРАВЛЕНИЕ ПРОИЗВОДСТВЕННЫМИ СИСТЕМАМИ