Оқу жылының басында университет Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен (АРТА) 11 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеуден өткізу туралы келісім жасады.

2019 жылдың 22 қарашасында жұмыс тобының мүшелері үшін білім беру бағдарламаларын өзін-өзі бағалау туралы есебін дайындау бойынша оқыту семинары өтті.

Семинарды АРТА директорының стратегиялық даму жөніндегі кеңесшісі, профессор Г.К. Искакова жүргізді.

Семинар барысында тыңдаушылар есепті жазу бойынша агенттіктің стандарттарымен жан-жақты танысты, топтар бойынша жұмыстар жүргізілді, сұрақтар қойылды. Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Университетке сапар аясында профессор Искакова Г.К. ғылыми инфрақұрылыммен, «Үлкен Алтай» мұражайымен танысты.

Сыртқы бағалау және сапа менеджменті бойынша орталық