3-10 шілде аралығында Мәскеу қаласында Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің (МАДИ) базасында "Жаңа ұрпақ" бағдарламасы аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Федералдық агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған "Дорога #1"Халықаралық жазғы мектебі өтті. Жазғы мектепті өткізудің мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғылыми және білім беру ұйымдарының жас өкілдері арасындағы байланыстарды дамыту және білім алмасу болды.

Біздің университеттен жазғы мектепке машина жасау мектебінің білім алушылары қатысты: "Машина жасау" білім беру бағдарламасының PhD докторанты Гүлнұр Тлеужанова, "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасының PhD докторанты Иван Гридунов және "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасының магистранты Миргуль Садыкова.

Жазғы мектеп шеңберінде қатысушыларға автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, автоэксплуатациялық материалдарды сараптау, конструкциялық материалдар технологиясы, автомобильдерді 3D-модельдеу, машина бөлшектерін бұзбай бақылау әдістері және т. б. бойынша шеберлік сыныптары ұсынылды.

Жазғы мектептің соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдеріне сертификаттар табысталды.