Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті қатарға жаңадан қосылған жастарды студенттік өмірге ресми түрде қабылдады.
Биыл Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ түрлі мамандықтар бойынша, бірінші курсқа 1427 студент қабылдады. Олардың 50-і Алтын белгімен, 53-і қызыл аттестатпен оқуға түскен жастар. Сол сияқты Серпін бағдарламасымен 29 азамат биыл білім алуды бастады.
Салтанатты іс-шарада Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы-ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы студенттерді алғашқы қадамдарымен құттықтады.
Адам үшін ең қымбат ресурс –уақыт. Ал зымырап өте шығар студенттік шақтан қымбат кезең қайталанбасы анық. Сондықтан, бастаудың көзін осы сәттен ашу бүгінгі жастарға таптырмас кеңес.
Салтанатты шара, талантты жастардың концертімен және дискотекамен жалғасты.