ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлесіп «математика» пәні бойынша ауыл мектебін бітірушілер арасында математик, ШҚМТУ қазақ тілінде оқыту факультетінің алғаш деканы Т.Ғ.Жантасовты еске алуға арналған «Жас математик» олимпиадасын өткізеді. Олимпиадаға ШҚО ауыл мектептерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиада екі турдан тұрады. Біріншісі – қашықтықтан өтеді. Қатысушыларға электронды пошта арқылы 2011 жылы 11 наурызда тапсырмалар жіберіліп, оларды орындауға 2011 жылғы 14 наурызға дейін уақыт беріледі. Тапсырмалар 18 наурызға дейін тексеріледі. Екінші турға конкурс комиссиясының шешімімен бірінші турда жеткілікті балл жинағандар өтеді.

Екіншісі - көзбе-көз тур, 13 сәуірде Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да  өтеді.

Орындалған жұмыстарды ШҚМТУ оқытушылары тексереді. Бірінші тур нәтижелері ШҚМТУ сайтының «Талапкер» бөліміне (http://www.do.ektu.kz ), ШҚМТУ оқу-білім беру порталының «Оқушыға» бөліміне (), ШҚ ӨҒПО «Дарын» орталығының сайтына (http//www.shygysdaryny.kz) шығарылады.

Олимпиадаға қатысу тегін. Тамақтану, тұрғын-жай, университетке келіп қайтқан жол-көлік шығындары қатысушылардың өз есебінен төленеді.

Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және  ақшалай сыйлықтармен марапатталады. 

Барлық көзбе-көз турға қатысқандар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының, ШҚ ӨҒПО «Дарын» орталығы директорының алғыс хаттарын және ШҚМТУ ректорының сыйлықтарын алады және де ШҚМТУ-да оқыған кезеңінде тегін Интернет беріледі.

Т.Ғ. Жантасовты еске алуға арналған «Жас математик» олимпиадасы туралы ереже (.pdf, 212.5Kb)

Олимпиадаға қатысуға өтінімдер mat_olimpiada@ektu.kzэлектронды поштасы арқылы қабылданады.

Өтінім формасы:

 

Мектеп  № ____________________________________________________________

Аудан  ________________________________________________________________

Электрондықадрес:_____________________________________________________

Үйлестіруші:____________________________________________________________

 

Оқушылардың толық аты-жөні

Мұғалімнің толық аты-жөні

Қолданатын тілі

 

 

 

Мектеп директоры:                                         Аты-жөні

Бастамашыл топтың жетекшісі

ШҚМТУ «Машина жасау және көлік»                              Ғ.Х.Мұхамедиев

факультетінің деканы

Бастамашыл топ мүшелері:

«Қазақавтожол» РМК ШҚО                                             С.Қ.Ақтанов

филиалы директоры

ШҚМТУ Ақпараттық технологиялар                                Ж.Ш.Өзденбаев

орталығының           бастығы                                                                              

 

Елемесова Г.Ә.

8/7232/757719