2010 жылдың 2 сәуірінде Шығыс Қазақстан білім басқармасының жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп математика, физика және информатика пәндерінен өңірлік олимпиада өткізді.
Шараның мақсаты - оқушылардың ғылыми білімін насихаттау және ғылымға қызығушылығын дамыту, дарынды балалардың дамуына қажетті жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасындағы білім мәртебесін көтеру.
Олимпиадаға 62 оқушы қатысты. Олимпиаданың қатысушылары әр түрлі білім мекемелерінен Шығыс Қазақстан (Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Глубокое, Зырян, Көкпекті, Тарбағатай аудандары) және Павлодар облыстарының 11 сынып оқушылары болды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 16 жүлдегер анықталды:
1 орын:
- Өскемен қаласы №11 МГ оқушысы Антропов Александр (физика);
- Өскемен қаласы №11 МГ оқушысы Скрипникова Татьяна (информатика).
2 орын:
- Павлодар қаласы №39 ОМ оқушысы Сакрюкин Андрей (физика);
- Өскемен қаласы ШҚ ДБА ОММЛИ оқушысы Жонжақсынов Айбол (математика);
- Өскемен қаласы ДБА №34 ОММЛ оқушысы Абылқанов Ильяс (математика);
- Өскемен қаласы ҚММФИМ оқушысы Нурушев Жасұлан (информатика);
- Өскемен қаласы №7 ОМ оқушысы Искандеров Дамир (информатика).
3 орын:
- Өскемен қаласы ШҚ ДБА ОММЛИ оқушысы Мурзағалиева Камшат (физика);
- Өскемен қаласы №3 МГ оқушысы Мырзахметов Еділ (физика);
- Өскемен қаласы ҚММФИМ оқушысы Виркунин Андрей (физика);
- Павлодар қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ДБА ОҚГИ оқушысы Сатемирова Самал (математика);
- Өскемен қаласы №10 МГ оқушысы Абилова Динара (математика);
- Өскемен қаласы ШҚ ДБА ОММЛИ оқушысы Қабиденова Үміт (математика);
- Өскемен қаласы ДБА №34 ОММЛ оқушысы Кузьмин Андрей (информатика);
- Риддер қаласы мектеп-гимназиясының оқушысы Агеев Артем (информатика).
Олимпиаданың жеңімпазы Антропов Александр және Скрипникова Татьяна Д.Серікбев атындағы ШҚМТУ-дың білім грантын иеленді.
Жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат тапсырылды.