Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық Университеті информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысуға 10-11 сыныптардағы оқушыларды шақырады(Ақпараттық хат).

Жарыс екі байқау форматында өтеді:

  • Бағдарламалау. Пайдалануға рұқсат етілген бағдарламалау тілдері: Pascal - FreePascal 2.6 компиляторы немесе жоғары (http://freepascal.org), C/C++/C++11 - 4.8 нұсқасы MinGW GCC/G++ компиляторы немесе жоғары (http://mingw.org).
  • Тестілеу. Офистік технологиялар (MS Excel, MS Word, MS PowerPoint) бойынша теориялық білімдерін тексеру.

Олимпиаданы өткізу түрі:

  • Олимпиада Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың компьютерлік дәрісханаларында өткізіледі 
  • уақыт бойынша ұзақтығы астрономиялық үш сағаттан көп емес(180 минут)

«Объектілік-бағытталған бағдарламалау және офистік технологиялар» олимпиадасының қорытындысы бойынша қазылар алқасы мадақтамалар және силықтармен марапатталатын олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарды айқындайды.

Олимпиаданың жұмыс тілі : қазақ,орыс.

Олимпиадаға қатысушылар 2016 жылдың 20 наурызына дейін олимпиадаға қатысуға мәлімдеме берулері тиіс(мәлімдеме үлгісі тіркелген). Олимпиада қатысушылары 2016 жылдың 20 наурызында 9.00-9.30 дейін тіркелу кезінде өздерімен жеке куәліктері болуы тиіс. Мектеп тобы топтың оқытушы-жетекшісімен бірге жіберіледі. 

«Объектілік-бағытталған бағдарламалау және офистік технологиялар» пәндік олимпиадаға қатысуға арналған құжаттарды ШҚМТУнің электронды мекенжайына 2016 жылдың 20 наурызына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

ndenisova@ektu.kz,

ABublikov@ektu.kz