Ұлттык тестілеу орталығы және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техниқалық университеті 11 мамырдан бастап 15 мамырға дейін ҰБТ пәндері бойынша тегін өткізілетін республикалық on-line-тестілеу АКЦИЯСЫН жүргізеді.
Қашықтықтан тестілеу акциясы Қазақстанда екінші рет өткізіліп отыр, және де оның мектеп түлектері үшін, әсіресе ауылды жердегі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлеміне мәнді қадам жасауда зор әлеуметтік маңызы бар. Акцияның жұртшылық арасында қызығушылық тудыруы, оны жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыруға негіз болып отыр.
Құрметті мектеп түлектері! Сіздерге өз білімдеріңді тексеріп, ЖОО-на түсу кезінде өз деңгейлеріңді бүкіл Республика көлемінде салыстырудың бірегей мүмкіндігі ұсынылады.
Акцияға қатысу үшін сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің www.do.ektu.kz сайтына кіріп, on-line-тестілеу туралы хабарландыруды тауып алыңыздар, сонан соң оған қатыса аласыздар!
Сонымен, on-line-тестілеуге қосылады:
11 мамырда
- Шығыс Қазақстан
- Павлодар облыстары
12 мамырда
- Алматы қаласы,
- Ақтөбе,
- Атырау,
- Батыс Қазақстан облыстары.
13 мамырда
- Астана қаласы,
- Алматы,
- Жамбыл облыстары.
14 мамырда
- Қарағанды,
- Оңтүстік Қазақстан
- Қызылорда облыстары.
15 мамырда
- Ақмола,
- Қостанай,
- Солтүстік Қазақстан,
- Маңғыстау облыстары.