Қараша айының 14 мен 24 аралығында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ әскери кафедрасы Ашық есік күндерін өткізді. Студенттердің назарларына кафедра жайлы презентация ұсынылды, қабылдау және оқыту шарттары түсіндірілді. Әскери кафедраның меңгерушісі О.А. Манцуров  құттықтау сөз сөйледі. Ресми бөлімнен кейін қатысушыларға қару-жарақ қоры таныстырылды, Өскемен қ., Прапорщиково ауылындағы полигон макеті, әскери техника көрсетілді. Сондай-ақ әскери кафедра студенттері взводтардың жауынгерлік дайындығын көрсетті.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі