Ағымдағы жылдың 6-шы қарашасында «Инновация менеджменті» кафедрасы Украина елінен шақыртылған профессор, э.ғ.к., бизнес-жаттықтырушы Наталья Королева және "Еврогидросервис" ЖШС өкілі Александра Землякпен бірлесе «Маркетинг» және «Менеджмент» мамандықтарының барлық курс студенттеріне арналған компаниядағы бос қызмет орындарына ашық сұхбат жүргізді.

Барлық мүдделі студенттер қатысуға мүмкіндік алды. Үміткерлер бейне презентация әзірледі, өздерін таныстырды және қойылған сұрақтарға жауап берді. Сұхбат аясында қатысушылардың жасампаздық қабілеттерін тексеру үшін арнайы тест жүргізілді, түйіндемелер ұсынылды.