Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, университетке қабылдау және түлектерді жұмысқа орналастыру Басқармасы мамандары 2016 жылдың 25 мамыры күні «Техникалық экономикалық колледжінде» болып қайтты. Колледж аймақ бойынша сұранысқа ие техникалық және экономикалық профильді мамандықтар бойынша дайындық жүргізеді. Студенттермен жұмыс түлектерге университетке түсу, мемлекеттік тапсырыстарды бөлу, талапкердің кешенді тестілеуіне арналған дайындық курстары жайлы мәлімет алуға мүмкіндік берді. Кездесу нәтижесінде колледж түлектері ШҚМТУ-да оқуға ниеттерін білдірді. Кездесуді ұйымдастырғаны үшін колледж директоры Ахметова Дина Саменқызына алғысымызды білдіреміз!!!

Woodward