Webometrics рейтингі ЖОО цифрлануын, ақпарат көздерінің ашықтығын жылына екі мәрте (қаңтарда, маусымда) бағалайды. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ үшінші жыл қатарынан бұл көрсеткіш бойынша ҚР ең үздік 7 жоғары оқу орындарының қатарынан көрінді.

2023 жылы біздің университет деңгейін 116 сатыға көтеріп, сараланған 11993 жоо арасында 4622 орынды иеленді. Біз рейтингтің үш индикаторы бойынша жақсардық. Олар: Impact (көрнекілік), Openneess (ашықтық), Excelence (әлеует). Университет сайтының тартымдылығымен жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін берді.

Жыл санап әлем бойынша сараланатын жоғары оқу орындары қатары артып келеді. Өз деңгейімізді сақтап қалуға әлемдік деңгейде зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи инфрақұрылымдар көптеп септігін тигізіп отыр. Индекстелген журналдардағы жарияланымдар санының артуы, Хирш индексінің өсуі де бұған дәлел.

Webometrics әлем жоғары оқу орындарының веб-саясатын жақсартуға бағытталған. Білімге ашық қолжетімділік идеясын, жоғары оқу орнының веб үлесін кеңейтуді, сапалы электрондық жарияланымдарға, соның ішінде ғалымдардың жарияланымдарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс қызметтің ашықтығын көтереді.