Шешендік өнер. Риторика. Осындай атаумен Д.Серикбаев атындағы ШҚТУ-да семинар-тренинг өтті. Социолог, психолог, бизнес-тренер Алтай Сиырбаев университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына көпшілік алдында сөйлеу, өзін -өзі ұстау мәнерін қалыптастыру бойынша кеңестермен бөлісті.
Көп жағдайда кез-келген оқытушы дәріс жүргізгенде толқып, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді. Бұл білім беру процессіне кедергі келтіретіні белгілі. Ал, қазіргі қашықтан оқыту жағдайында студенттермен байланыс орнату тіптен қиын. Спикер Алтай Мұхтарұлы риториканың заңдылықтарын іс-жүзінде қалай қолдану керектігін үйретті. Алынған ақпаратты қатысушылар бірден ойын арқылы тәжірибеде қолданды.
- Кез-келген спикер қаншалықты тәжірибелі болса да, тренинг өткізер алдында қобалжиды, бұл қалыпты жағдай. Себебі жаңа адамдар, олармен байланыс орнату керек. Алайда оны көрсетпеуге тырысу қажет – бұл бірінші заңдылық. Лектор, спикер, оқытушы болсын алдында отырған аудиториямен диалог орнатып, кейін ақпаратты эмоцияларды қолдану арқылы жеткізу маңызды. Процесс барысында содан ләззат алу тиіс, - дейді Алтай Сиырбаев.
Шешендік өнер. Риторика семинар-тренингіне санитарлық-эпидемиялогиялық нормаларды сақтай отырып 40-қа жуық университет маманы қатысты. Барлығы керемет әсер алып, алғыстарын білдірді.