Аталған мекеменің бас маманы Айгерім Нұркенова вакцина салдыру процесі, оның пайдасы, кері әсері жайында ақпарат берді. Маманның айтуынша, қазіргі уақытта ШҚО тұрғындарына тек ресейдің «Спутник-V» вакцинасы егіліп жатыр. Вакцинация ТЕГІН жасалады. Екпені 15-тен 65 жасқа дейінгі азаматтарға салуға болады.
Бұл процедураны жасату үшін Сіз өзініздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша тіркелген медициналық мекемеге жүгіне аласыз. Сонымен қатар, жұмыс орныңыз келісім жасасқан мекемеге әріптестеріңізбен бірге баруыңызға болады. Айта кетсек, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері №2 медициналық санитарлық бөлімге жүгініп қызмет ала алады.
Пациентке «Спутник-V» вакцинасының 2 дозасы салынады. Біріншісі алғаш келгенде егілсе, екінші дозасы 21 күннен соң беріледі. Вакцина салынғаннан кейін 3 күнде тұмау симптомдары, дене қызуы 39,5 –ке дейін көтерілуі, әлсіздік, ісіну, сияқты белгілер болуы мүмкін.
Екпе салдырғаннан кейін пациентке «Спутник-V» препаратының бірінші дозасын алғаны туралы және екінші компонентті салатын уақыты көтсетілген SMS- хабарлама келеді. Сондай-ақ, Damumed бағдарламасында вакцинация жасалғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
Екпені салуға болмайтын жағдайлар: сол уақытта коронавируспен ауырып жатқандар, иммунотерапия алушылар, жүкті және бала емізетін әйелдер. Егер коронавируспен ауырған болсаңыз, онда тек 6 айдан соң салдыруыңызға болады.
Есіңізде болсын, вакцина Сізді індеттен 100 пайыз қорғамайды. Ол иммунитетіңізге вирусқа төтеп беруге көмектеседі. Сондықтан санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды сақтаған абзал.