2017 жылдың 14 мен 17 қарашасы аралығында Өскемен қаласының «УК TMK» АҚ спорт кешенінде волейболдан «УК TMK» АҚ-ның бірінші президенті Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметов атындағы облыстық турнир өтті.

Шығыс Қазақстан облысының 8 командасы арасында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ командасы III орынды иеленді.

Команданы  жарысқа Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Б.А.Даумов және дене шынықтыру пәнінің оқытушысы С. Бекбосынов  дайындады.