2017 жылдың 12 сәуірінде  Нархоз Университетінің «Экономика және Менеджмент» мектебі жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің «Жібек жолдың экономикалық белдеуі: мүмкіндіктері мен болашағы» атты ІІ Халықаралық аптасы шеңберінде халықаралық ғылыми-практикалық  онлайн-конференциясын өткізді.

ЖОО-ның серіктестіктерін  дамыту шеңберінде Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ «Экономика және менеджмент» кафедрасының атынан кафедра меңгерушісі Рахимбердинова М.У., оқытушылар  Сырымбек М.,  Солтанбековой Ш.О. белсенді қатысты.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының 16-БЭТК-1 тобының студенті Союзбек Е.С. «Аймақтардағы туризмды дамыту жолдары» атты мақаласын ұсында. Мақала үлкен қызығушылық туғызды.

Онлайн-конференция өз кезегінде Қазақстан, Қытай, Қырғыз және Ресей елдерінің жас ғалымдары, студенттері мен магистранттарының динамикалық түрде дамып отырған талқылау алаңына айналды.

Онлайн-конференцияда East China Normal University (ECNU), Шанхай; Белгородтық мемлекеттік ұлттық зерттеушілік университеті («БелМУ» ҰЗУ), Белгород;  Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, (РЭУ) Мәскеу; Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті (ҚҰУ), Бішкек; Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университеті  (ШҚМТУ), Өскемен қалаларының жас ғалымдары, студенттері мен магистранттарының қатысуымен өтті.

Онлайн-конференцияның қатысушылары Жібек жолының экономикалық белдеуінің бойында жайғасқан мемлекеттердің геосаяси және интеграциялық үдерістеріне мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуына  әсері мәселелері жайында зерттеу жұмыстарымен бөлісті, сонымен қатар басқарудың инновациялық үлгісіне деген ғылыми көзқарастары мен ЖЖЖ мемлекеттерінің туризмді дамыту жолдары  талқыланды.

М.У. Рахимбердинова,
«Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі