1993 жылғы мамыр мен 2001 жылғы ақпан аралығында Тәжікстан Республикасында ҚР ЖБАБ құрамында Қазақстан Республикасы Шекара әакерлерінің әскери қызметшілері ТМД-ның сыртқы шекаларын күзету бойынша жауынгерлік қызмет атқарды. Шекараның Тәжік-Ауған учаскесінде әскери борышын өтеу кезінде 12 шекарашы қаза тапты. Олардың бесеуі біздің жерлестеріміз болды.

2023 жылғы 8 ақпанда интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіште "Застава тарландары" Республикалық шекарашы-ардагерлер қоғамдық бірлестігі өткізетін Қазақстан Республикасы ЖБАБ – ның Тәжікстаннан шығарылғанына 22 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс – шараға ҚР ЖБАБ құрамында қызмет өткерген ардагерлер, ШҚО бойынша ҰҮҚ ШҚ департаментінің шекарашы-әскери қызметшілері, ШҚО Қоғамдық жастар бірлестіктері, қала мектептерінің оқушылары қатысты.
Сондай-ақ, бұл іс-шараға біздің университеттің әскери кафедрасының студенттері белсенді қатысты. ҚР ҰҚК ШҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы полковник С. Г. Рахимов студенттерімізге қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында қаза тапқан Қазақстандықтардың шекарашыларына гүл шоқтары қойылып, әскери құрмет көрсетіліп, отшашу өткізетін ескерткіш тақта орнатылды.

Біздің студенттер ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды.