Бүгін ШҚТУ-да «AMANAT» партиясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында партия мүшелері Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі және елдің ең ірі саяси күші бола отырып, барлық өзгерістердің алдыңғы қатарында болуы тиіс екенін атап өтті.
Жиынға қатысушылардың айтуынша, партия, жалпы ел, трансформация үрдісінде. Сондықтан, қазір Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар бағыты төңірегінде барлық қазақстандықтардың бірлігі маңызды. Еңбек ұжымымен және ШҚТУ студенттерімен әңгімелесуде алдағы өзгерістер де талқыланды.
Қатысушылар "AMANAT" партиясының бастамасын қолдап, 20 қарашада өтетін сайлау күні ШҚТУ жоғары белсенділік көрсететініне сенім білдірді.