Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен «Павлодар педагогикалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасындағы меморандум аясында павлодарлық студенттер «Простор» спорттық сауықтыру кешенінде тәжірибиден өтті. Солтүстік өңірден келген қонақтар Шығыс Қазақстан облысының асыл тасы - Бұқтырма табиғатының саясында 1 апта практикалық жұмыстар жасап, демалып қайтты. Студенттер ШҚТУ-дың ғылыми жетістіктерін өз көздерімен көрді.

Еліміздің күншығысындағы ең әсем, көрікті орнында болып қайтқан студенттер тәжірибелік апталықтың соңғы күнінде алған әсерлерімен бөлісті.

«Простор»спорттық сауықтыру лагерьіде, біз 1 апта практикада болдық. Таза ауа мен әдемі табиғатта демалып қана қоймай ,кешенді практика нәтижелі және қызықты болды. Лагерьдің ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз».

Гумманитарлық ілім жолындағы студенттер техникалық бағыттың қыр сырымен танысып, өңір географиясымен танысып, спорттық ойындарға қатысты.

«Бүгін практиканың ең соңғы күні!«Простор» спорттық сауықтыру лагері біз үшін үлкен әсер қалдырды. Біз көрмеген жерлерге барып, тауға шығып, Бұқтырма бөгенінің жағасына барып, табиғаттың әсем жерлеріне тамсандық. Базада өткізілген әр күніміз қызыққа толы болды. Күн сайын географиялық өлшеулер жасау, біздің білімімізді шыңдады. Лагерь базасында футбол, валейбол, би аланы орналасқан, кешкі уақытты көңілді өткізуге мүмкіндіктер жасалған. Біз спорттың әр түрімен айналысуға тырыстық: суда жүздік, альпинизммен айналыстық, тауға шықтық, өткелдерден өттік. Осынау табиғаты таза, көркем жерде практикадан өту бізге үлкен бақыт әкелді».

Павлодар педагогикалық университетінің студенттері барлық ұйымдастырушыларға, ұстаздарға және ШҚТУ ұжымына шексіз алғыстарын білдіреді.