ШҚТУ Жоғары IT колледжінде "Жұмысшы мамандығы жылына" арналған дөңгелек үстел ретінде «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінің перспективалы және сұранысқа ие мамандықтары» атты тақырыбына сай маңызды іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара біздің студенттер мен оқытушылар үшін, сондай-ақ өңірде кәсіптік білім беруді дамытуды белсенді қолдайтын барлық қатысушылар үшін маңызды болды.

Іс-шараға біздің әлеуметтік серіктестеріміз қатысты:

  • "Казцинк" ЖШС еңбек ресурстары басқармасы корпоративтік университетінің оқу орындарымен жұмыс бөлімінің бас маманы Елфимова Ирина Викторовна
  • УМЗ " АҚ Персоналды дамыту тобының жетекшісі Мухамеджанова Мадина Джумагалиевна
  • "Өскементранстелеком" АҚ кадрлар жөніндегі менеджері Акежанова Клара Муздыбаевна
  • "VK Development group" ЖШС HR маманы Сасаки Анна Викторовна

Осы ұйымдармен бірлесіп біз экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлаудың негізгі мәселелерін талқыладық. Іс-шара аясында өткізілген презентация, бейнебаян, дәрістер мен шеберлік сыныптары студенттерге еңбек нарығының өзекті талаптарымен және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысуға көмектесті.

Біз серіктестерімізге осы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Бұл білім беру мекемелері мен бизнес арасындағы ынтымақтастық теория мен тәжірибе арасында берік байланыс орнатуға қалай көмектесетінінің тамаша мысалы, сонымен қатар біздің елде жұмысшы мамандықтарының дамуына ықпал етеді.