Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Исабек Зарина Рамазанқызын және Мырзабекова Динара Мырзабекқызын PhD дәрежесін қорғап шығуларымен құттықтайды!
2023 жылдың 20 қазанында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071200 - "Машина жасау" мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Исабек Зарина Рамазанқызына "Фрезерлік жол машиналарымен жол жабындарын фрезерлеу процесін басқарудың автоматты жүйесін әзірлеу" тақырыбында докторлық диссертациямын қорғап шықты.
2023 жылғы 20 қазанда Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071200 - "Машина жасау" мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте Философия докторы PhD дәрежесін алу үшін Мырзабекова Динара Мырзабекқызы "Жерасты жағдайында жұмыс істейтін технологиялық машиналардың топсалы тораптарының параметрлерін негіздеу және конструкциясын әзірлеу" тақырыбында докторлық диссертациясын қазақ тілінде қорғап шықты.
Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз және жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!