2025 жылғы 7 тамызда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға қатысты:

  • Несіпқалиев Ұлан Ерғалиұлы - Басқарма мүшесі – стратегиялық даму жөніндегі проректор;
  • Машекенова Әсия Хасенқызы - Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор;
  • Нұрекенова Эльвира Собетоллақызы – Академиялық қызмет департаментінің директоры;
  • Жайжатырова Меруерт Сабырқызы - Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің директоры;
  • Манцуров Олег Александрович - әскери кафедраның бастығы;
  • Қалымов Арман Николайұлы – гарнизон әскери прокурорының орынбасары, әділет подполковнигі.

Қол қойылған меморандумның негізгі мақсаты ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестікті дамыту болып табылады:

  • бірлескен ғылыми және білім беру іс шараларын ұйымдастыру;
  • оқытушылар мен прокурорлардың біліктілігін арттыру;
  • қазіргі заманғы оқу-әдістемелік материалдарды жасау;
  • білім беру және прокурорлық қадағалау саласында тәжірибе алмасу;
  • тағылымдамалар, семинарлар және ғылыми жобалар өткізу.

Меморандумға қол қою университет пен құқықтық тәртіп органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болды. Тараптар ынтымақтастықтың нақты векторларын белгіледі, бұл бәсекеге қабілетті және жоғары білікті кадрларды даярлау үшін академиялық және құқықтық салаларды тиімді біріктіруге мүмкіндік береді.