Бүгін Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ректорларының халықаралық форумы өтті.
Форумның мақсаты: Орталық Азия Жоғары білім беру кеңістігін құру туралы декларацияның (Түркістан декларациясы) ережелерін орындау мақсатында Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының Жоғары білім және университет ғылымы саласындағы ынтымақтастығын дамыту.
Форумға Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, сонымен қатар, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Қазақстандық делегацияны 6 ЖОО ректоры, оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма Төрағасы – ректоры Сыдықов Е.Б., Satbayev University басқарма төрағасы -ректор Бегентаев М. М. М. Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің басқарма төрағасы-ректоры - Т. И. Ешекулов, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ университеті басқарма төрағасы-ректоры Шаймарданов Ж. К. таныстырды.
Осы форум аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Н. Исанова атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті, Асаналева атындағы Қырғыз мемлекеттік Геология және тау-кен ісі және ДРК университеті, И.Раззакова атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті және Ош технологиялық университеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға ресми қол қойылды.
Бұл ынтымақтастық ЖОО-лардың бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асырудағы, қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын (DD) әзірлеудегі және іске асырудағы, студенттер мен ПОҚ-ның өңірлік ұтқырлығындағы тиімді өзара іс-қимылына бағытталған.