2023 жылдың маусым айында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті көрнекті ғалым, педагог және қоғам қайраткері Қабдош Дамитұлының 100 жылдығын атап өттіп, құрмет көрсетті. Бұл шара аясында «Инженерлік бағыттағы мамандарды даярлаудағы гуманитарлық пәндердің рөлі» атты Халықаралық дөңгелек үстел өткізіліп, Қабдош Дамитов атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы болды. Бүгінгі уақытты мұнда «Абай», «Алтын бесік – Мұзтау» клубтарының студенттері мен оқытушыларының интерактивті дәрістері, семинарлары, кездесулері өткізіледі.
Мерейтойды атап өту аясында Тілдік құзыреттілік орталығы «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар» тақырыбында ғылыми жұмыстар конкурсын өткізілуі жастардың философия, саясаттану, тарихқа деген жоғары қызыгушылығын көрсетті. Содай-ақ, Қ.Дамитов туралы естеліктер кітабы негізінде жазылған қазақ тіліндегі «Ұлы тұлға» тақырыбындағы диктант жоғары қызығушылыққа ие болды.
Республика Күні қарсаңында жас зерттеушілердің «Шығыс Қазақстан металлургиясы: өткені, бүгіні және болашағы» атты ғылыми жоба байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың негізгі мақсаты Қазақстанның жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ғылыми әлеуетін дамыту. Конкурсты өткізу барысында комиссия студенттердің 14 жұмысын, магистранттардың 5 жұмысын, докторанттардың 2 және 1 оқытушының жұмысын қарады.
Комиссия құрамына Тәуелсіз Консультант, конкурстық комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экс-төрағасы - Дамитов Қадыржан Қабдошұлы, Техника ғылымдарының докторы, профессор - Сырнев Борис Владимирович, Тунгушбаева Зухра Қыдырғазықызы - техника ғылымдарының кандидаты, "Түсті металдар Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия институтының" ғылыми қызметкері, "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер" кафедрасының аға оқытушысы - Жақсылықов Амантай Фрунзевич, PhD докторы, Халықаралық Инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры - Абдулина Сәуле Амангелдіқызы енді.
Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша мынадай шешім қабылданды:
- Студенттер арасында 1 дәрежелі дипломмен Мараш Жақсылық марапатталады. Жетекшісі - Халықаралық Инженерия мектебінің оқытушысы Жанұзақова Ләззат Нарынқызы;
- Магистранттар арасында 1 дәрежелі дипломмен Смағұлова Данагүл марапатталды. Жетекшісі - Халықаралық Инженерия мектебінің профессоры Серая Наталья Владимировна;
- Докторанттар мен жас оқытушылар арасында 1 дәрежелі дипломмен Абижанова Индира марапатталды. Жетекшісі - Халықаралық Инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры Абдулина Сәуле Амангелдіқызы.
Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды еңбектеріңіздің үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушылаға осындай жұмыстардың жалғасы мен жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!