2022 жылғы 1 қарашада докторантураға түсу емтиханына app.testcenter.kz сайты арқылы өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу 18 қарашаға дейін жүргізіледі.

Түсу емтихандары 5-11 желтоқсан аралығында өтеді.

Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) өзіңіз таңдайсыз.

Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 29 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Өтініш бергеннен кейін түсушіге емтихан тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда 18 қарашаға дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі.

Биылдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.

ЕСКЕРТУ:

2022 жылы Ережелерді бұзғаны үшін емтиханға жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар қайта докторантураға түсу емтиханына қатыса алмайды.

4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

Түсу емтиханына қатысу құны 15 804 теңгені құрайды.

http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5457

Mерзімдер

2022 ж.

ДОКТОРАНТУРА

01.11-18.11

ҚР БҒМ ҰТО арқылы түсу емтихандарына қатысу үшін өтініш қабылдау

9.11 - 11.12

Түсу емтихандарын тапсыру күндері

10.01.дейін

Докторантураға қабылдау

2022-2023 оқу жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының саны

ЖЖОКБҰ атауы

Білім беру бағдарламалары тобының коды және атауы

Орындар саны

  1.  

«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

D092 - Математика және статистика

4

D094 – Ақпараттық технологиялар

1

D103 - Механика және металл өңдеу

1

D104 - Көлік, көліктік техника және технология

2

D117 - Металлургиялық инженерия

2

D121 - Геология

1

барлығы

11

  1.  

«әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

D128 - Жерге орналастыру

1

  1.  

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

D099 - Энергетика және электр техникасы

1

http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5454

 

Құжаттар тізімі:

  1. ЖЖОКБҰ басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
  2. білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
  3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  4. шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:

    ағылшын тілі:

    • IELTS Academic, шекті балл-кемінде 5,5;
    • TOEFL IBT, шекті балл-кемінде 46;
    • TOEFL PBT, шекті балл-кемінде 453;

    неміс тілі:

    • Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH,NiveauВ2 / В2 деңгейі),
    • TestDaF-Prufung (Niveau В2 / В2 деңгейі);

    француз тілі:

    • TFI (test de Franzais InternationalTM) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес),
    • DELF (Diplome d ' Etudes en Langue franzaise) - B2 деңгейі,
    • DALF (Diplome Approfondi de Langue franzaise) - В2 деңгейі,
    • TCF (test de connaissance du franzais) - кемінде 50 балл;
  5. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама.
  6. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;

  7. 3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  8. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
  9. соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

4) және 7) тармақшаларда санамаланған құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.