Шығыс Қазақстан облысында "Баланы мектепке дайындайық" акциясы жалғасын тауып жатыр.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жыл сайын акцияға белсенді қатысады. Ағымдағы жылы да қалыс қалмады.
Акция мақсаты - аз қамтылған отбасыларының балаларына нақты көмек пен қолдау көрсету. Жаңа оқу жыл қарсаңында ШҚТУ оқушыларға мектепке қажетті кеңсе тауарлары бар рюкзактар сыйлады.