Ұлыбритания елшісі Кэти Лич Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да болды.
Қонақтарға "VERITAS" ҚО зертханасы, "Алтын Алтай" мұражайы, "SMART ENGINEERING" ҚО, Құрылыс және құрылыс технологиялары саласындағы ҚО, виртуалды шындық саласындағы ҚО таныстырылды. Сондай-ақ "Геология және геологиялық барлау" бағыты бойынша университет ғалымдарымен кездесу өткізді.
Кэти Лич біздің университеттің ғылыми әлеуетіне және ғылыми жұмыстарының ерекшелігіне тәнті болды. Елші Ұлыбританияның көптеген компаниялары мен университеттері ШҚТУ мен серіктестік байланыс орнатуға мүдделі болатынына сенім білдірді.
Экскурсиядан кейін жиын өткізіліп, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Л.К. Рамазанова, ШҚО әкімдігінің өкілдері, ШҚО бойынша "Атамекен" ҚР ҰКП Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, Өскемен әйелдер Қауымдастығы ЗТБ төрағасы Е.Н. Березинская- Әбілова, Алтай аудандық мәслихатының төрағасы, Іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің мүшесі Гречушникова Л.А., "Алтай балы" шаруа қожалығының басшысы А.В. Қасымбаева және "GLOBAL CENTER" Тіл орталығының директоры Ж.Б. Ұзақбаева сөз сөйледі.
Кездесу соңында барлық қатысушылармен бірге естелік сурет түсірілді.