Қала мектептерінің түлектерімен «50-оттенков зеленого» атты олимпиада-баттл аясында, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың бизнес және кәсіпкерлік мектебі «Өзгерістер жағдайында педагог кадрлардың стресске төзімділігін арттыру» тақырыбында мұғалімдермен семинар өткізді.

Семинарды экономика ғылымдарының докторы, бизнес мектебінің аға оқытушысы Е. А. Колос өткізді.

Семинарда стресстің белгілері мен себептері, олардың салдары, стресстің әртүрлі ауруларға әсері, адам сезімдері мен ауруларының тәуелділігі, стрессті басқару әдістері, оларды бейтараптандыру қарастырылды.

Материалды бекіту үшін интерактивті әдістерді қолдана отырып, іскерлік ойын өткізілді. Ойын барысында тыңдаушылар жеке, топта жұмыс істеді. Осы тақырып бойынша презентациялар жасады (стресстің шешілуі кімге байланысты: мұғалімдердің өздеріне, мектеп әкімшілігіне және жоғары органдарға).

Тыңдаушылармен бірге стрессті жеңілдету бойынша практикалық жаттығулар өткізілді, оларды тек мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушыларымен жұмыс жасау кезінде де қолдануға болады.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға семинардың сәтті өткені туралы сертификаттар берілді.