Бүгін 2023 жылдың 13 қаңтарында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан құрылған D090 – Физика: 8D05301– 6D072300 Техникалық физика бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 6D072300 «Техникалық физика» (PhD) мамандығы бойынша Қантай Нұрғамит докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
Диссертация тақырыбы «Алюминий және цирконий оксидтері негізіндегі детонациялық жабындардың құрылымы мен физика-механикалық қасиеттерін зерттеу».
Диссертация Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің физика кафедрасы базасында орындалды.
Ғылыми кеңесшілер:
- Рахадилов Бауыржан Корабаевич - PhD, «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Paszkowski Maciej - DSc, Вроцлав ғылым және технологиялар университетінің қауымдастырылған профессоры, Вроцлав қ., Польша.