Нархоз университетінде «Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Статистика», «Еңбек жағдайын ұйымдастыру және нормалау» мамандықтары бойынша жыл сайынғы республикалық СҒЗЖ конкурсының ІІ кезеңі өтті. Конкурс барысында Республикамыздың 30-дан аса ЖОО-нан үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған 200-ге тарта ғылыми еңбек қаралды.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алатын Олеся Герасименко «сауда саласында қызмет ететін кәсіпорынның дебиторлық берешегінің есебі мен аудитін жүргізуді жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысымен конкурс жеңімпаздары қатарына қосылды. Студентіміз Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды (жетекшісі - «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының аға оқытушысы Елена Шапочкина).

Олеся Герасименконы және жетекшісі Е.Шапочкинаны жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейміз!

http://narxoz.kz/ru/news/news/v-universitete-narhoz-sostoyalsya-ii-etap-ezhegodnogo-respublikanskogo-konkursa-nirs