Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде 6D072300 «Техникалық физика» (PhD) мамандығы бойынша Табиева Еркежан Еркінбекқызы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Диссертация тақырыбы «Электролитті-плазмалық беткі шыңдау кезінде дөңгелек болатының құрылымы мен қасиеттерінің өзгеруі».

Отандық ғылыми кеңесшілер:

Уазырханова Гулжаз Кенесханқызы-PhD, Д. Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры. (Өскемен қ., Қазақстан);

Рахәділов Бауыржан Қорабайұлы – PhD, С. Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Физика және технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры., «PlasmaScience» ЖШС директоры (Өскемен қ., Қазақстан);

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Piotr Kowalewski-PhD, Вроцлав Ғылым және технология университетінің қауымдастырылған профессоры (Вроцлав қ., Польша).