Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің аға оқытушысы Аубакирова З. А. докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды!
Диссертация қорғауы «8D073 - Сәулет және құрылыс» даярлау бағыты 8D07302 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте өтті.
Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Аддитивті технологияларға арналған Өскемен ЖЭО-ның күл-қож қалдықтарын пайдалана отырып, ұсақ түйіршікті бетон құрамдарын әзірлеу».
Докторлық диссертацияны қорғау қазақ тілінде өтті.
Ғылыми кеңесшілері: Рахимов Мұрат Аманжолұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, Қарағанды қаласы;
Алдунгарова Әлия Қайратқызы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Халықаралық білім беру корпорациясы Инженерия мектебінің профессор-зерттеушісі, Алматы қаласы;
Ignacio Menéndez Pidal de Navascués (Игнасио Менендес Пидаль де Наваскуэс) – инженерия докторы, Мадрид политехникалық университетінің Азаматтық құрылыс факультетінің профессоры, Мадрид қаласы, Испания.
Әріптесімізге алдағы ғылыми және кәсіби қызметіне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!