2017 жылдың 27 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде& 6D072300 - Техникалық физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу мақсатында «Техникалық физика және материалтану» кафедрасының келесі түлектері кандидаттық диссертациялық жұмыстарын қорғады:

Ер-Тарғын Оралханұлы Тлеукенов «Нитрит қабаттарын (Ti, Zr,Hf, V, Nb, Ta)N тұндыру шарттарының олардың микроқұрылымы мен физикомеханикалық қасиеттеріне әсері» тақырыбында

Ғылыми кеңесшілер:

  • С.В. Плотников - Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Техникалық физика және материалтану» кафедрасының жетекшісі.
  • О.Д. Погребняк - Украина, Сумы қ. Сумы мемлекеттік университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы.

Ержан Ернатұлы Сапатаев «Электролиттік плазмамен локалды әсер ету кезіндегі төмен легирленген болаттың беткі қабаттарының модификациясы» тақырыбында

Ғылыми кеңесшілер:

  • М.К. Скаков - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, депутат. ҚР ҰЯО Бас директорының орынбасары, Курчатов қ. ҚР ҰЯО АЭИ филиалының басшысы
  • Е.Г. Батырбеков - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Курчатов қ. ҚР ҰЯО Бас директоры
  • М. Шеффлер - Инженериялық ғылымдар докторы, профессор Германия,  Магдебург қ. Отто-фон-Герике ат. университетінің профессоры

АТЭМ деканы орынбасарының м.а.
Г.К. Уазырханова