Мерейтойыңыз құтты болсын!
Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жеткізді. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.
Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы атынан адам өмірінің айтулы белесі - 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өзіңізді өмірден тоқығаны мол білікті маман, кемел ойлы тұлға ретінде таниды.
Бүгінгі күнге дейін студенттердің саулығы мен амандығын қарайлап, әрқайсысының басының амандығын күзетіп жемісті еңбек етіп, өзіңіздің біліктілігіңізбен əріптестеріңіздің құрметіне бөленіп келесіз. Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз.Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бəйтеректей үлкен бір əулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.
Қуанышты күнде бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз!
Əрқашан мерейіңіз үстем, мəртебеңіз биік болғай деген ыстық ықыласпен ШҚТУ ұжымы!