Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті қызметкерлері жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен Догадкин Дмитрий Сергеевич - инженер-зерттеуші және Лутай Сергей Сергеевич -Жер туралы ғылымдар мектебінің аға оқытушысы марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті.
Лутай С.С.көпжылдық нәтижелі ғылыми-педагогикалық қызметі, жоғары білікті мамандар даярлауға қосқан елеулі үлесі, ғылыми зерттеулерді дамытуы және заманауи технологияларды енгізудегі жетістіктері үшін марапатталды. Ол 95-тен астам ғылыми еңбектің авторы, өнертабыстарға патенттері бар, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, қолданбалы ғылым мен сынақ зерттеулерін дамытуға зор үлес қосып келеді.
Догадкин Д.С. аддитивті технологиялар мен материалтану саласындағы жетістіктері үшін, болашағынан зор үміт күттіретін жас ғалым ретінде марапатталды. Ол халықаралық деректер базаларында индекстелген ғылыми жарияланымдардың тең авторы, медициналық бұйымдар мен заманауи материалдарды әзірлеуге бағытталған ғылыми жобаларға қатысуда. Сонымен қатар, инженерлік жобалау және цифрлық модельдеу бағытында тәжірибесі мол.
Бұл жоғары марапат олардың кәсіби жетістіктері мен еліміздің ғылымы мен жоғары білім беру саласының дамуына қосқан сүбелі үлесінің айқын көрінісі.