2021 жылы 18 қарашада Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті «Металлургия және кен байыту институты» АҚ 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін, докторант Тымбаева Айгерим Алибековна «Қорғасын және мыс өнеркәсіптерінің мышьяк құрамдас материалдарын өңдеп мышьякты төмен қауіпті қалдық ретінде шығару технологиясын әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғады.
Ғылыми кеңесшілер:
- Куленова Наталья Анатольевна – техника ғылымдарының кандидаты, «VERITAS» Озық Қарқынды Даму Орталығының жетекшісі, «Д. Серікбаев атындагы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ-да профессор, Өскемен қ., Қазақстан.
- Мамяченков Сергей Владимирович – техника ғылымдарының докторы, Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федерал университетінің аға ғылыми қызметкері, Екатеринбург қ., Ресей.
Құрметті Әйгерім Әлібекқызы!
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Сізді докторлық диссертацияңызды сәтті қорғауыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сізге қол жеткізген жетістіктеріңізге ешқашан тоқталмауыңызға тілектеспіз, керемет күш, жақсы көңіл-күй, өмірде үлкен бақыт және шынайы сәттілік тілейміз!
Одан әрі дамудың және жемісті кәсіби қызметтің негізі тек мықты денсаулық пен табыс, туыстар мен әріптестердің қолдауы болсын!