ШҚТУ-нің екі бірдей ғалымдарымызды Иващенко Елена Николаевна мен Сауырбаева Бекзат Сағатбекқызын алып жатқан жаңа дәрежелерімен құттықтағымыз келеді.

Сауырбаева Бекзат Сағатбекқызы - химия ғылымдарының кандидаты, доцент. Білім саласындағы жолы 1993 жылы Алматы қаласында химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуден бастау алады. Аты үлкен әріппен жазылатын құрметті ұстазымыздың білім беру саласында аянбай тер төгіп келе жатқанына міне биыл 31 жыл толады. Қазақстан аумағында ғана емес шеткері елде де тәжірибе жинақтап, физика және химияның жілігін шағып майын ішкен қатардағы мұғалімімізді мақтан тұтамыз.

Иващенко Елена Николайқызы - аға ғылыми қызметкері, ассосациоланған профессор. 2015 ж. – ИИДМБ-2 бағдарламасы аясында Вроцлав технологиялық университетінде (Польша) ғылыми тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар Ресей Федерациясында өткен халықаралық конференциялары осы және өзге де көптеген байқауларға қатысып қана қоймай жүлделі орындар иегері атанған. Аталмыш курста біліктілігін жетілдіріп қайтқан А.Тоқтарғазықызы физика пәнінің мұғалімі.Ол - жаны қалаған сүйікті ісімен айналысып, ғұмырының 30 қысын, 30 көктемін білім беру қабырғасында өткеріп келе жатқан өз ісінің маманы.

Елеулі еңбектеріңіз бен талмас қанаттарыңыздың арқасында бүгінде ғылыми атаққа ие болып отырсыздар.

Білім майданындағы жауынгерлерімізге денсаулық, ғылыми-өндірістік қызметте шығармашылық ойлардың жемісті іске асырылуын, ең батыл жобаларды іске асыруда табыс, үлкен мақсаттарға қол жеткізуде табандылық тілейміз!