Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Денсаулық және спорт орталығының басшысы Даумов Болатбек Айшабекұлын туған күнімен құттықтаймыз!

Спорт саласын, салауатты өмір салтын жетілдіріп, жоғары оқу орнындағы еңбегіңізді әріптестеріңіз, шәкірттеріңіз жоғары бағалайды. Бүгінгі дүние есігін ашқан күніңіз қуанышқа, отбасылық береке-бірлікке бөленсін. Өмірлік, қызметтік мақсаттарыңызға жетіп, мерейіңіз үстем болсын! Өмір жасыңыз ұзақ, баянды, таным мен тағылымға, жетістіктерге толы болсын деп тілейміз!