ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс уақыты барысында ұйымдарда дене шынықтыру жаттығуларын өткізудің қағидаларын бекіткен болатын.

Осыған байланысты, университеттің әрбір қызметкерінің жеке жұмыс бөлмесіне жаттығу кешені көрсетілген бейнематериал салынатын болады. Жаттығуды арнайы дабыл соғылғанда бастау керек. Қызметкер жаттығуды міндетті түрде орындауы тиіс.

«Дене шынықтыру жаттығуларын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес, орта есеппен әрбір жаттығу жасаушыға кемінде 1,5 м2 бос алаң тиесілі болуы тиіс. Жаттығу жасауға таңдалған орын қауіпсіз болуы керек. Физикалық жаттығу жұмыс күнінің бірінші жартысында жүргізіледі, оны өткізу ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы тиіс.