Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың "Лу Бань шеберханасына" "Astana Motors Manufacturing Kazakhstan" ЖШС өкілдері келді.
Делегация құрамына компанияның негізгі мамандары кірді: логистика департаментінің басшысы Александр Грузин, құрастыру цехтарының басшысы Виктор Тарасов, кузовтық цехтың басшысы Алексей Дормидонтов, бояу цехының басшысы Марат Газизуллин, сапа департаментінің басшысы Роман Еловских.
Сапардың мақсаты университеттің инфрақұрылымымен және білім беру мүмкіндіктерімен танысу, сондай-ақ түлектер үшін ынтымақтастық перспективалары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылау болды.
Қонақтар үшін "Лу Бань шеберханасы" бойынша экскурсия өткізілді. Университеттің материалдық-техникалық базасымен таныстырды: Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы, Автоматтандыру және мехатроника саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы, "Smart engineering" құзыреттер орталығы, құрылыс саласындағы құзыреттер және технологиялар трансферті орталығы, талдамалық зерттеулер зертханасы - ІРГЕТАС және "Алтын Алтай" мұражайы.
Сонымен қатар, Astana Motors өкілдері университет студенттерімен кездесу өткізді. Алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Айта кету керек, сапар университет пен автомобиль компаниясы арасында білім беруді дамытуға және студенттердің кәсіби дайындығына ықпал ететін серіктестік қарым-қатынас орнатудағы маңызды қадам болды.