Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «СОГРА ЖЭО» ЖШС-мен ынтымақтастық шеңберін арттыру мақсатында «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының студенттеріне 2024 жылы 02 ақпан күні экскурсия ұйымдастырылды.
Кіріспе қауіпсіздік нұсқаулықтарымен танысқаннан кейін қазандық және турбиналық цехтарына экскурсия өтті. Одан кейін экскурсия электр цехының щит бөлмесінде жалғасты. "СОГРА ЖЭО" ЖШС-нің білікті мамандары барлық негізгі және қосалқы қондырғылар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Студенттер «Жылуэнергетика» және «Электр энергетикасы» мамандықтарының түлектерімен кездесті. Экскурсия нәтижесінде студенттер болашақ мамандықтары бойынша мол тәжірибе жинақтап, қаламыздың энергетика саласына жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.
Ағымдағы оқу жылында «СОГРА ЖЭО» ЖШС өз персоналының кәсіби біліктілігін арттыру, ынталандыру және кәсіби саласында одан әрі өсу мақсатында кәсіпорын қаражаты есебінен оқу үшін университетпен үшжақты білім беру келісім-шарттарын жасады.
Мұндай кәсіпорындарды студентерге таныстыру арқылы болашақ мамандарға әртүрлі салалармен танысуға және өздері үшін ең қызықты қызмет саласын таңдауға мүмкіндік береді.
Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы Айбек Ақаев және Мансап орталығының директоры Трофименко Светлана «СОГРА ЖЭО» ЖШС директорының құқықтық және шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Мстислав Мартемьяновпен кездесті. Кәсіпорынның кадр қажеттілігіне қатысты өзекті мәселелер мен ықтимал шешімдерді талқылады, «Жылуэнергетикасы» мамандығын жастар арасында кеңінен насихаттау бойынша бірлескен жұмыс жоспарын белгіледі және бірлескен филиал ашу мүмкіндігін қарастырды.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті табысты ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстағы жоғары кәсібилік үшін алғысын білдіреді.